Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жарлықтың толық мәтінін жариялаймыз.
***
Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Павлодар облысының кейбір аудандары:
1) Качир ауданы — Тереңкөл ауданы;
2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 4 тамыз
№ 724