Павлодар облысында жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды

111

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйел өлі күйінде табылды. Оны туыстары, полицейлер, кинологтар мен еріктілер іздеді деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, хабар-ошарсыз кеткен адамның туысы «VITA» іздеу жүйелеріне жүгінген. Ол жоғалып кеткен әйелдің кішкентай ұлына қаңтар айында аутизм диагнозы қойылғанын және оның бұл фактіні қабылдай алмағанын айтқан.

«Бұдан кейін өзіне-өзі қол жұмсап, күйзеліске түскен. Өмір сүруге деген құлшынысы жоғалып, денсаулығы мен ұйқысы нашарлаған. Тәбеті болмаған. Туыстары оған барынша көмектесуге тырысқан. Тіпті, Шалдайдағы қасиетті жерге апаруға шешім қабылдаған», –  деді еріктілер.

Бірақ 35 жастағы әйел орманға шығып, жоғалып кеткен. Оны іздеуге Шарбақты ауданы мен Павлодар полиция қызметкерлері, құтқарушылар аттанған. Өкінішке қарай, әйел  адам бірнеше сағаттан кейін өлі күйінде табылды.

«Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және балаларының қорқынышты аурулары туралы білетін аналарға қолдау көрсеткіміз келеді. Сіз балаларыңызға керексіз және оларға сізден артық ешкім  қамқор бола алмайды», – деді еріктілер.

https://turkystan.kz/article/219446-pavlodar-oblysynda-zhogalyp-ketken-eyel-oli-kuyinde-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.