Павлодар облысында жел салдарынан 21 ауыл жарықсыз қалды

123

павлодар

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше апат салдарын жою үшін 22 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылған. Ал жел жылдамлығы секундына 27 метрге жеткен.

«8 наурызда 04:15-те Жаңатілек ауылында Б.Хайдаров атындағы мектептің шатыры жартылай ұшып кетті», – делінген хабарламада.

Ал Павлодарда 4 қабатты әкімшілік ғимарат шатырсыз қалды.

«Ауданы 1 440 шаршы метр болатын шатыр толығымен ұшып кетті. Ғимарат 1980 жылы салынған, соңғы рет былтыр жөндеу жүргізілген», – деп қосты ведомство өкілдері.

Аймақта зардап шеккендер жоқ. Ал тұрғындар жел салдарының видеосын әлеуметтік желіде жариялаған.

https://stan.kz/pavlodar-oblisinda-zhel-saldarinan-21-auil-zhariksiz-ka-378732/

Leave A Reply

Your email address will not be published.