Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабы өртенді

135

Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

– Бүгін, яғни 3 қазан күні сағат 11:28-де Павлодар ауданының Заря ауылынан 20 шақырым жерде Ертіс өзенінің алқабында құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Қамыс өртінің 4 ошағы анықталды. 1 ошақта – 30 га, 2 ошақта – 30 га, 3 ошақта – 40 га, 4 ошақ – 40 га жер жанып кетті, – делінген хабарламада.

Дала өрті 17:40-та сөндірілген.

Рavlodarnews.kz сайты таратқан ақпаратқа сенсек, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.