Полицейлер Екібастұздағы өнеркәсіп базасының аумағынан 5503 вейп пен 1097 құты тәркіледі.
Құтыларға вейптерге арналған сұйықтық құйылған.
Заңсыз тауарды әлеуметтік желілер арқылы сатпақ болған.
Электронды темекіні тарату, сату фактісі бойынша екі күдікті полицияға жеткізілді.
«Электронды темекі бұйымдарының (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді полиция.
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/251048-pavlodar-oblysynda-55-mln-tengenin-veipteri-t-rkilendi