Партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өтті

166

Бүгін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті.

Қабылдауға жеке сот орындаушылар, облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, заңгер, жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері мен Еңбек мобильдігі орталығының қызметкерлері қатысты.

Тақырыптық қабылдауға алғаш болып жазылған Тараз қаласының тұрғыны Ақнұр Мараймованың анасы қызына көршісі Лола Мамадалиева қол жұмсағанын айтып араша сұрап келді. әділдік іздеген ана прокуратураға жүгінсе де ешқандай нәтиже шықпай жатқанын жеткізді. Өз кезегінде, полиция қызметкелері оның қызы әлі күнге ауруханада жатқанын, тиісті ем-домы біткен соң барып қана сот-медициналық сараптамалары жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, тағы бір қала тұрғыны Омарбек Байчаков жалақысын ала алмай жүргенін жеткізіп, мәселесін оң шешіп беруді сұрай келіпті. Өзі де алимент төлейді екен. Ал, Жамбыл ауданының тұрғыны Адиса Алибаеваның несиесі төленбегендіктен сот орындаушылар банктегі шоты бұғаттап тастапты. Тұрғынға заң өкілдері арнайы зейнетақы қорына барып әлеуметтік шот ашып, оның анықтамасын сот орындаушыларға беру қажеттігін баяндады. Сол кезде зейнеткердің шоты бұғаттаудан шығарылады екен.

Сол секілді қала тұрғындары Гүлсара Жаманбаева, Айгүл Бұхарбаева тұрмыстық жағдайларының мәз емес екендігін алға тартып, материалдық көмек сұрады. Бұдан өзге, Гүлмира Ахметова тұрақты жұмысқа орналасқысы келетінін айтса, Байзақ ауданынан келген Джамал Сарымамед-оглу шетел азаматы екен. Дегенмен құжаттарын жоғалып алған. Құжаттарын қайта рәсімдеу бойынша заң аясында кеңес қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар қабылдауға соңғы болып жазылған Аслан Мамедов тұрақты жұмысқа орналастырып берсе деген өтінішімен қайырылыпты.

Шара барысында сала мамандары тұрғындардың өтініштеріне құлақ асып, заң аясында кеңестер берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.