Партиялық бақылау бекеттері ашылды

90

Бүгінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін Жамбыл облысында40-танастам партиялық бақылау бекеттер құрылған.

Осы мақсатта Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылында жүргізіліп жатқан 45 келушіге арналған амбулатория құрылысының мерзімінде пайдалануға берілуін, құрылыс сапасын бақылау мақсатында партиялық бекет ашылып, жұмысын бастады. Құрылысы ағымдағы жылдың 10 сәуірінде басталған медициналық мекемені мердігер «ПМК-109» ЖШС салуда. Бас мыңға жуық түтіні бар ауылдан бой көтеріп жатқан амбулатория құрылысына бюджеттен 272 миллион теңге бөлініпті. Мердігер компания өкілдері жұмысты тамыз айында толық аяқтаймыз деп отыр.

Келесі кезектегі партиялық бақылау бекеті Байзақ ауданында да ашылды. Аудан орталығы Сарыкемер ауылында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлерінің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы да партия назарында болады. Қазіргі таңда мұнда инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу қызу жүруде.

Алдағы уақытта мұнда 5 қабатты 60 пәтерлі төрт үй бой көтермек. Ол үшін конкурс жарияланып, мердігер ретінде «Бином» ЖШС атанған. Құрылыс келер айда басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін кезекте тұрған аудан тұрғындарына берілетін болады.

– Бүгін партияның Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері Жамбыл және Байзақ аудандарындағы бірқатар құрылыс нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, онда партиялық бақылау бекеттерін ашты. Бұл бақылау бекеттері құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақтылы берілуін бақылауға болады. Осылайша, жергілікті жерлерде партия сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына жүйелі бақылау күшейеді, – дейді «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы партиялық бақылау инспекторы Ерғали Омаров.

         Айта кетейік, нысандардағы техникалық паспорттарға шағым немесе өтініш жіберуге болатын жауапты тұлғаның байланыс нөмірлері бар тақтайша орнатылған. Сондықтан аманаттықтар әрбір тұрғында қоғамдық бақылауға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.