ПАРТИЯҒА ЖАҢА АТҚАРУШЫ ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

122

Жаңа басшыны партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов таныстырып, саяси трансформация өткен партияның жұмысын ілгерілету мақсатында бірақатар тапсырмалар жүктеді.
Сәмбетов Мадияр Әбілханұлы 1986 жылы 25 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген. Ұлты– қазақ, білімі – жоғары.
2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «тарих», 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл ауданы әкімияты ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маман болып бастаған.
2010- 2012 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Жамбыл ауданының филиалында консультант, 2012 жылы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы, 2012-2019 жылдары Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары, аудан әкімінің бас инспекторы, аудандық мәслихат аппаратының құқықтық және іс-жүргізу бөлімінің бас маманы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, 2019 жылдан 2022 жылғы мамыр айына
дейін Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің
басшысы, 2022 жылдың 17 маусымынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.