Бүгін Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылы тұрғындарымен кездестім. Басты мәселе- «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» жобаларының ауылдық округте орындалу барысын талқылау.
Жиынға Партия облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Е. Абдиваитов қатысты.
Бүгінгі күні «Жер аманаты» жобасы аясында ауданда 6000 га жуық жайылым жерлер мемлекет меншігіне қайтып отыр.
Тұрғындар белсенділік танытып, ұсыныстарымен бөлісті.
Мәселен, Орман шаруашылығына тиесілі жерлерді ортақ пайдалану, Жер комиссиясы жерді конкурсқа қоярда ең әуелі ауыл ішіндегі тұрғындар арасында ішкі конкурс өткізу және ол үшін Заңнамаға өзгеріс енгізу, ауыл іргесіндегі «Данияр саз» аталатын жерді жайылым ретінде тұрғындарға қайтару жайында қызу талқы өтті.
Жиын барысында ауылдық округ әкімі Қ. Беделбеков аталған жобалар бойынша жұмыстарға тоқталды. Партия төрағасы ретінде тиісті ұсынымдар берілді.