“Парасатты отбасы-2022” анықталды

193

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Парасатты отбасы-2022” байқауы өтті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Облыс әкімдігінің білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық «Парасатты отбасы» байқауы биыл 4 -ші рет өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды кеңінен дәріптеу, жанұя мүшелері арасында бауырмалдық, қайырымдылық, ізгілік қарым-қатынастарды қалыптастыру, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау. Қазіргі заманғы отбасының парасаттылық мәдениетін дамытудың тиімді тәжірибесін тарату.
Облыстық байқауға әр ауданнан (қаладан) 11 отбасы қатысып бақ сынады. Байқаудың қорытындысы бойынша Байзақ ауданынан қатысқан Жаңабаевтар отбасы жеңімпаз атанып «Бас жүлде» алса, Қыдырбаевтар отбысы (Т.Рысқұлов ауд) — І орын, Тынышбековтар отбасы (Қордай ауд) — ІІ орын, Абдрайымовтар отбасы (Меркі ауд.) мен Омаровтар отбасы (Мойынқұм ауд) — жүлделі ІІІ орындарды жеңіп алды.
​ Сонымен қатар Бекбаевтар отбасы (Жуалы ауд.)- «Ынтымағы жарасқан», Изтилеуовтар отбасы (Жамбыл ауд.)- «Өнерлі», Байжановтар отбасы (Талас ауд.) — «Ұйымшыл», Айтбаевтар отбасы (Сарысу ауд.) — «Шебер», Тоқберген отбасы (Шу ауд.) — «Шығармашыл», Кулумбетовтар отбасы (Тараз қаласы) — «Салауатты» номинацияларын иеленді. Анықталған жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен, дипломадармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.