Өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған азамат пара алу кезінде ұсталды

52

Фото: Pixabay.com

Ол өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермелеген.

“Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 миллион теңге болды, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды”, – делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

https://stan.kz/ozin-ylttik-kauipsizdik-komitetinin-kizmetkeri-retinde-401360/

Leave A Reply

Your email address will not be published.