«Өзгенің күнәсін арқалаушы көп»: Ерке Есмахан ерекше жазбасымен көпшілікке ой салды

56

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі жеке парақшасында үнемі 5 мың теңге тарататыны туралы айтқан.

«Жақсы сөз өзіңе айналып келеді.
Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады
Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады.
Жақсы сөз – жақсы энергия.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Бір жағынан, аяқ асты несібе.

Ал әркімге жаман сөз жазып, өзінің және өзгенің күнәсін арқалаушы ғаламторда онсыз да толып жатыр. Кезінде 5k-ны адамдарды жақсылыққа шақыру үшін өзім ойлап тапқанмын. Сол үшін комментте 3 рет 5k бар», – деп жазды әнші.



Сонымен қатар өнер иесі күйеуі мен анасының қарым-қатынасын да оқырмандарына көрсетіп, үлгі алуға шақырды.

“Мама мен Райм ылғи не әңгіме айтып отырады екен деп тыңдап көргенмін ғой. Райм – тыңдаушы. Маманың бүкіл өмірбаянын біледі. «Айттым ба?» дейді. Райм «иә, айттыңыз» десе де, қайтып айтып отырады. Жаным анашым, жүз жасашы», – деп жазған еді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Ерке Есмахан Парижден алған бренд заттарын көрсеткен еді.

https://stan.kz/ozgenin-kunasin-arkalaushi-kop-erke-esmahan-erekshe-zha-403639/

Leave A Reply

Your email address will not be published.