Өзекті мәселелер талқыланды

140
Өзекті мәселелер талқыланды
Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбековтың төрағалығымен аппараттық кеңес өткізілді. Кеңесте cан-саладағы өзекті мәселелер талқыланды.
Бүгінде Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1406 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 151-і жөндеуді қажет етеді. Биыл республикалық бюджет есебінен қала аумағындағы 50 көппәтерлі тұрғын үй модернизациядан өтуде.Бүгінде жұмыстың 90% аяқталған.
Тараз қалалық білім бөліміне қарасты 112 білім мекемесі бар. Оның 61-і мектеп, 45-і балабақша.Балаларды қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.Білім мекемелері 100% ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні 61 камера істен шыққан Ағымдағы жылы бейнебақылау камераларын жаңартуға қаражат қойылған жоқ. Сондықтан 2023 жылы істен шыққан аналогтық камераларды цифрлық камераларға ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады
Ағымдағы жылдың 1 наурыз – 7 мамыр аралығында, тамыз айының 13–ші жұлдызынан бастап әр аптаның сенбі күндері қаладағы «GRAND BAZAАR» сауда кешені алдында 19 жәрмеңке өткізілді. Қала күніне орай 1-қазан күні Тараз қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілді.Қала аумағында жәрмеңуелерді өткізу жүйелі түрде жалғасын таппақ.
Қала аумағындағы 630-дан аса азық-түлік тауарларын сататын сауда дүкендері жұмыс істейді. Жуапты бөлім тарапынан қаладағы ірі сауда орталықтарына апта сайын мониторинг жүргізіліп, талдау жасалуда. . Ағымдағы жыл басынан бері 11 ішкі сауда субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол бергені үшін 6 жеке кәсіпкер мен 1 заңды тұлғаға ескерту және 1 жеке кәсіпкерге айыппұл салынды.
«Республика күні» мерекесіне орай іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Мереке қарсаңында жоспар бойынша 20-дан аса іс – шара өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, қаланың шет аумағында орналасқан тұрғындарға мерекелік көңіл – күй сыйлау мақсатында автокеруендер, төмендетілген бағадағы жәрмеңкелер, жұмыспен қамту саласындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Жиын соңында шаһар басшысы әр саладағы жауаптыларға өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, жұмысты тез арада жетілдіру керектігін тапсырды.
Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.