1 желтоқсаннан бастап Өзбекстанда ресейлік Yandex.Go такси қызметі бұғатталуы мүмкін. Бұл жағдай компанияның бірқатар талаптарды орындамағанынан болып отыр.
«Осы жылдың қыркүйек айында Yandex.Go компаниясына заңнамалық құжаттарға сәйкес өз қызметін екі ай мерзімде ұйымдастыруға талаптар қойылды», — деп хабарлады Өзбекстан Салық комитеті.
«Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін Салық комитеті цифрлық технологиялар министрлігіне Yandex компаниясының электрондық платформасын пайдалануды бұғаттау туралы ресми өтініш жібереді», — деп атап өтті Салық комитеті.
Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайты