Өткеннің өнегесі мен бүгіннің бейнесін үйлестірген орталық

193

«Анаға тағзым» орталығы қыз балаларға рухани, адамгершілік тәрбие берумен қатар, әйел-аналарға белгілі бір кәсіпті игеруге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, орталықта қыз-келіншектерге арналған түрлі курстар бар.

-«Бойтұмар» қолөнер және дизайн студиясы /құрақ құрау, киім тігу және пішу, дамыту ойыншықтары /
-«Береке» аспаздық студиясы /аспаздық және кондитерлік/
-«Шолпы» сұлулық студиясы /«Бет әрлеу шебері» және «тырнақ әрлеу шебері»/ курстары бойынша білім алып, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алады.

Оған көп балалы, толық емес отбасы, аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының (бұдан әрі – азаматтардың жекеленген санаттары) мүшелері қатысып, тегін оқытылады. Осылайша, отбасының әлеуметтік әлеуетін арттыру, әйел-аналардың өмір сүру сапасын жақсарту, қазақстандық отбасы институтын нығайту аясында жұмыс жүргізіледі.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.