ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

123
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар.
Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан.
Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
Бүгін Отбасы күні мерекесіне орай, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» мекемелерінің ұйымдастыруымен «Үлгі болар отбасы – қазағымның айнасы» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті.
Отбасылық эстафеталық жарысқа 4 команда қатысты.
Тарысты өткен жарыста жүлделі І орынды жаңаталаптық Бейсенбаевтар отбасы жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды игіліктік Сұлтанбековтер отбасы, жүлделі ІІІ орынды жаңатастық Икрамовтар отбасы иеленді. Жайылмалық Асановтар отбасы ынталандыру орнына ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтап, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.