ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА

446
Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясы аясында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты тағылымдық кеш өтті.
Шараға Сарысу аудандық және Жаңатас қалалық билер кеңесінің өкілдері, аудандық полиция бөлімінің, ауылдық округ әкімі аппаратының, аудандық сот, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және әлеуметтік саланың қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің жауапты қызметкерлері, сонымен қатар қала тұрғындары және жастар қатысты.
Кеште аудандық мәдениет үйі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, Балалар – жасөспірімдер орталығы және Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің ұжымдары тақырыптық көріністер көрсетіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Е. Есмаханов сөз сөйлеп, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі және отбасының қоғамдағы рөліне, акцияның маңыздылығына тоқталды. Акция аясында тақырыптық шығарма жазудан жеңімпаз атанғандарды Алғыс хаттармен, заттай сыйлықтармен марапаттады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.