Отанды сүю тілге деген құрметтен басталады

36

Тілқарым-қатынастың, тұлғалықкоммуникацияның құралы, ұлттың байлығы, мұралық құндылық. Адамның ой-өрісін, мәденидәрежесін, ақылпарасатын, рухани байлығынкөрсететін ажар да оның реңкінің қанық та көркемболуы тұлғаның лингвистикалық мәденинетінебайланысты.

Қазіргі таңда тіл мәдениетін қалыптастыру мен оны дамыту көкейтестілігі арта түсті. Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында: «Тілді дамыту —Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай —ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың санымен сапасына көңіл бөлу керек» деген тіркестер ұшырасады. Тәуелсіз сананың күретамырына айналған ана тілінің ұлт болмысына аса қажеттілігін сараптап, «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» —деп тұжырымдайды.

Бүгінгі таңда қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі –тәуелсіздің ұрпақтарының тіл мәдениетін көтеру,сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу. Сондықтан, тіл мәдениетіне аса қажетті, маңызды салалардың бірі —құнды сөз және оның қолданыстағы тазалығы. Ана тілімізге деген айрықша құрмет пен ыстық сезімнің лебі таныстықта бірінші таза сөйлеуден байқалады.Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі —өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Әрбір азаматтыңжеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы И.А.Қайратова

Leave A Reply

Your email address will not be published.