Отан қорғаушылар күніне орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды

193

Бүгін ҚАЖ департаментіне бағынысты 25 мекемеде сотталғандар арасында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Сотталғандар арасында спорттық шараның маңызы зор. Себебі, шалыс басып, бармақ тістеп қалған азаматтардың осындай шараларға қатысу арқылы санасы сергіп, келешектегі мақсаттарына жетуге ұмтылары анық.

Айта кетейік, аталған мекемеде мұндай спорттық сайыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін көтеру.
— Жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында әртүрлі тәрбиелілік іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді. Спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар серігіп, өмірге деген құлшынысы артады дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Даулетқұлов. Сотталғандар жасақтар бойынша жарысқа түсті. Жеңіске жеткен жасақтар: 1орын-4жасақ, 2орын-3жасақ, 3орын-7жасақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.