Өскемендегі қыздар төбелесі: 14 қыз тергеліп жатыр

203

Өскеменде құрбысын ұрып-соққан оқушылардың ісі сотқа жіберілді. Полиция төбелеске қатысы бар 14 қызды тергеуге алған. Алайда қазір тек үш бойжеткен айыпталушы ретінде танылған деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқушы қыздар арасындағы төбелес сәуір айының басында болған. Әлеужеліге таралған видеода бір қыздың екінші бойжеткенді дәретхана ішінде аяусыз ұрып жатқаны анық көрінеді. Қоғам наразылығын тудырған іске полиция араласып, бұрымдылардың мектеп оқушысы екенін анықтады. Тіпті күдіктілердің бірінің анасы білім беру саласында басшылық қызметте отырғаны айтылған. Қазір оңбай таяқ жеген қыз ауруханадан үйіне шығарылды. Енді жәбірленушіге күш қолданған үш оқушы сот алдында жауап береді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.