Өскеменде пәтерде өрт шықты: зардап шеккендер бар

82

Өскемен қаласында пәтерде өрт шығып, екі бала зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 18 мамыр күні таңертең Славский атындағы жағалау көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 12-қабатындағы пәтерде шыққан.

«Хабар түсе салысымен өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетті. Олар пәтер терезесінен қалың қою түтін мен ашық жалынның шығып жатқанын көрген. Бірінші кезекте пәтерлерді барлауға және зардап шеккендердің бар-жоғын тексеруге кірісті. Нәтижесінде сыртқа шыға алмай тұрған 9 тұрғын, оның ішінде 4 бала құтқарылды», – делінген ақпаратта.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 35 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы – 50 шаршы метрді құрады.

«Белгілі болғандай, пәтер иесі жалынды байқап калып, өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Алдын ала болжам бойынша өрт шығуының себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан немесе отпен абайсызда жұмыс істеуден болуы мүмкін. Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем дәрігерлері көрші пәтерде түтіннен уланып қалған 2009 және 2014 жылғы 2 қыз балаға алғашқы көмек көрсетті. Қазір олар ауруханаға жатқызылған», – делінген ақпаратта.

https://turkystan.kz/article/223324-oskemende-peterde-ort-shykty-zardap-shekkender-bar/

Leave A Reply

Your email address will not be published.