Еріктілер мен жануарлардың құқығын қорғаушылар Өскеменде иттер талап тастады деген 6 жасар қыздың өліміне қатысты мән-жайды айтты деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 2021 жылы 17 желтоқсанда «Красинец» серіктестігінің аумағында жантүршігерлік оқиға болып, сол жерде кішкентай қыздың денесі табылған еді. Қыздың денесіндегі жарақаттардың сипатына қарағанда, оған әлдебір хайуан шабуыл жасаған.
Полиция қызметкерлері Орлов отбасы иттерінің оқиғаға қатысы бар-жоғын тексергенмен, бірақ сараптама нәтижесі жарияланбаған еді. Ал қазір жануарлардың құқығын қорғаушылар қызға бұралқы емес, иесі бар иттің шабуылдағанына сенімді.
Мұны көршілері ұстайтын алабай жасады деп есептейміз. Сол күні иттің қарғыбауды үзіп кеткені белгілі болды. Ол Орлов отбасының итін көріп, жүгіріп кеткен. Ит қашып кетті, ал алабай қызды талап тастаған, – дейді «Дворянин» қорының жетекшісі Лариса Прокопьева.
Жануарлар құқығын қорғаушылар мен жануарларға көмектесетін басқа еріктілер бұл нұсқаны бірауыздан қолдап отыр.
Қызға бұралқы емес, асыл тұқымды ит шабуыл жасаған. Оның иесі қарапайым адам емес. Сондықтан ол, былайша айтқанда, істі жауып тастаған. Біздің қалада баланы бұралқы иттер тістеп алды деген дерек болған жоқ, – деді жануарларды қорғау қауымдастығының волонтеры.
https://turkystan.kz/article/211830-oskemende-6-zhasar-kyzdy-alabay-talap-mert-kyldy/