Өрт сөндіру бөлімі күрделі жөндеуден өтті

28
Мойынқұм ауылында 28 мыңға жуық ауыл тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі және облыстық ТЖД бастығы Арман Тоқанов қатысты.
1987 жылы салынған бөлімше ғимараты шамамен 40 жыл өткен соң алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат пен қызметтік үй-жайлар толық жаңартылып, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді.
Бөлімшеде газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныбы, заманауи тұрмыстық бөлмелер, демалыс аймағы және техникаға арналған бокстар жабдықталған. Сонымен қатар жеке құрамның дене даярлығын шыңдауға арналған заманауи талаптарға сай Batyr team спорт залы қарастырылған.
Ашылу рәсімі аясында облыстық ТЖД қызметкерлеріне жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасының кілттері табысталды.
Айта кетейік, 2025 жылы бөлім қызметкерлері 43 өрт оқиғасына және 80 жану дерегіне жедел әрекет етіп, 10 адамды құтқарды. Қазіргі таңда бөлімде 22 қызметкер еңбек етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.