Ораза жайында не білеміз?

165

Барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айы жақындап қалды. Мың айдан қайырлы саналатын айда ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға ораза ұстау – парыз.

Қасиетті Рамазан айында оразаға қатысты жиі қойылатын бірқатар сауалды жауаптарымен ұсынамыз.

Рамазан оразасы кімдерге парыз?

Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, жолаушы емес әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Яғни мұсылман болуы, балиғат жасына толуы, ақыл-есі дұрыс болуы, ораза ұстауға күші жетуі және тұрғылықты жерінде болуы шарт.

Оразаның қандай түрлері бар?

Ораза парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ деп бөлінеді.

Ораза кезінде немен айналысқан жөн?

Ораза тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Мұсылман адам бұл ғибадатты күллі денесімен орындаған абзал. Яғни, тілімен өсек айтпау, қолымен біреуге зиян тигізбеу, көзімен бөгде әйелге сұқтанып қарамау т.б. Сондай-ақ құлшылыққа ден қойып, садақа беру, адамдарға жақсылық жасау және Құран оқу сынды ізгі амалдарды орындағаны абзал.

Ақпарат «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды

https://turkystan.kz/article/240279-oraza-zhayynda-ne-bilemiz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.