ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

103
Күллі мұсылман сағынып күткен Рамазан айы да қас-қағым сәтте өте шықты.
Ораза айт мерекесі басталды.
Ораза айт – әлем мұсылмандарын бірлікке, жақсы істердің ұйытқысы болуға шақыратын, жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам.
Айт намазы осы мерекенің ең негізгі құлшылығы болып саналады
Бүгінгі Ораза айты орталық мешітте айт намазын оқудан басталды.
Ораза айт намазына мешітке халық көп жиналды.
Намаз оқылмас бұрын мешіт ауданның бас имамы Айбек Кәрімбаев ораза айтының ерекшелігі туралы айтты.
Содан соң отыз күн оразаның сауабын арқалап, Алланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат жүзін құбылаға бұрып, сәждеге бас тигізіп, Аллаға құлшылық етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.