Орал қаласында 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына қатысты тың мәлімет пайда болды. Қыз зорлағандар саны 5 адамға жеткен деп хабарлады turkystan.kz.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Astana.tv арнасына оның кәмелет жасқа толған азамат екенін, сондықтан қылмыс орын алған пәтерді сол жалдағанын айтқан. Қазір ол қамауға алынды.
«Қорғансыз қызды жәбірлегендер – 9 және 10-сынып оқушылары мен бір студент. Қыз бала жасөспірімдердің біреуін ғана танитынын айтты. Соның сөзіне еріп пәтерге барған. Сол кезде ішімдікке масайған жігіттер оны зорлапты. Жәбірленушінің ішімдік ішпегенін анықтадық. Күдіктілер бұған дейін ұрлық пен тонау секілді қылмыс жасағаны үшін істі болған. Біреуі үш рет сотталған. Оларды айыпталған бап бойынша 20 жылға соттау жазасы қарастырылған», – дейді Орал қаласы ПБ бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Виктор Котельников.