Тараз қаласында 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

16
Жаңа оқу жылында Тараз қаласының білім беру жүйесінде 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын.
Қаладағы 80 мемлекеттік мектепте жаңа оқу жылында болжам бойынша 8 312 бала 1-сыныпқа қабылданды.
Мемлекеттік мектептердің құрамы: 55 – орта мектеп, 10 – мектеп-гимназия, 6 – гимназия, 3 – бастауыш мектеп, 1 – мектеп-лицей, 1 – кешкі мектеп.
Мемлекеттік мектептердің 5-еуі – бір ауысымды, 75-і – екі ауысымды жұмыс істейді.
Сонымен қатар, қалада 35 жекеменшік білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде: 19 – орта мектеп, 6 – мектеп-гимназия, 6 – бастауыш мектеп, 2 – мектеп-лицей, 2 – инновациялық мектеп.
Жекеменшік білім беру ұйымдарының 23-і бір ауысымды, 12-сі екі ауысымды білім береді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.