Оралдағы кәсіпкер өлімі: Күдіктілердің бірінің әкесі оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер айтты

403

Оралдағы 49 жастағы кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдіктінің бірі Тұрлан Амангелдінің ата-анасы сол күні ұлдары қылмыс болған дәмханаға не үшін барғанын білмейді. Олар ұлдарының кінәсі жоқ деген ойда, деп хабарлайды «Экспресс К» басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, видеода кәсіпкерді пышақтап жатқан Тұрлан емес.

“Шошып кеттім, менің ұлым шыбынға да зиян тигізбейтін адам. Кәсіпкерді өлтірген сақалды жігіт. Олар тіпті дос емес, жай таныстар. Неге барды, білмейміз, жас, қой, басында түк жоқ. Бұл өмірде ештеңе көрмеген”, – дейді ол.

Тұрланның әкесі жақында үйіне екінші күдіктінің енесі келгенін айтты.

“Баламды іздеп жүргенде бізге сол жігіттің енесі келді, бұрын танымайтынбыз. Ол күйеу баласының кафеде жұмыс істейтінін, қарыздары бар екенін, оларға жалақы бермегенін айтқан, нақты білмейміз”, – деді ер адам.

Ата-анасы ұлының кінәсіз екенін дәлелдеу үшін оған адвокат жалдамақ ниетте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.