Оңтүстік Кореяда қазақстандық ерлі-зайыпты қамауға алынды

87

Қазақстандық ерлі-зайыптыға құжаттарды бұрмалағаны үшін айып тағылған.

Полиция иммиграциялық кеңселердің бірінде баспана алу туралы өтініштер көбейгеніне назар аударған.

Тексеру көрсеткендей, екі адам – күйеуі мен әйелі бірнеше ай бойы жалған өтініштер жасауға, құжаттарды қолдан жасауға көмектескен. Қызметтері үшін ақы алған.

Олардың қызметіне Қазақстан мен Ресейден барған 117 азамат жүгінген. Бәрі де Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген.

Қызметтердің құны 1-ден 3 миллион вонға дейін барған. Тергеу барысында айыпталушылар шетелдіктерге жалған сылтаулармен босқындар визасын беру туралы өтініш беруді ұйымдастырғаны анықталды.

Айыпталушылардың 21 клиенті табылды – барлығы өз елдеріне қуылды. Жалған құжат жасатқан өзге азаматтар әлі де іздестірілуде.

ҚР СІМ әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

 

https://turkystan.kz/article/233022-ontustik-koreyada-kazakstandyk-erli-zayypty-kamauga-alyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.