Онлайн форматта республикалық жастар форумы өтті

156

Елбасының елеулі еңбегін жастар арасында кеңінен насихаттау және ұлт көшбасшысының жастар үшін жасаған тың жобаларын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Елбасы. Қазақстан. Өркендеу» тақырыбындағы жастар форумына Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Тараз қаласының белсенді жастары қатысты.

«Елбасы. Қазақстан. Өркендеу» атты жастар форумының мақсаты ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 80 жылдығына орай Елбасының ерен еңбегін, қызмет жолын үлгі-өнеге ете отырып, ел болашағын ойлайтын, ұлттық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Бұл форумға Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы Берікқожа, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Орынқыз Көпбосынқызы Жолдасова, «Қазақстан студенттер Альянсы» РҚБ көшбасшысы, «Дарын» сыйлығының иегері Ілияс Нұрболұлы Түстікбаев, «Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық ортлаығының директоры, Жастар қызметкерлері қауымдастығының тренері Сабыржан Бауыржанұлы Кеңшілік және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шахназар Бақытұлы Жүсіпов сынды белсенді жастар сөз сөйледі.

Тәуелсіз мемлекетіміз жастарға деген қамқорлық жасауды өз саясатының негізі ретінде толықтай қолға алған. Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында 2019 жыл «Жастар жылы» деп те аталған. «Білімді еліміздің  ертеңі болашақ жастардың қолында» тақырыбы бойынша «Қазақстан студенттер Альянсы» РҚБ көшбасшысы, «Дарын» сыйлығының иегері Ілияс Нұрболұлы Түстікбаев Елбасының жастарға арналған бастамалары туралы баяндады.

ZOOM платформасында өткен республикалық форумға 70-ке жуық адам қатысты. Оның ішінде жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Жастар ресурстық орталықтарының» директорлары мен қызметкерлері және еріктілер қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.