Өңірлік Жол картасының орындалу барысы қаралды

128
«AMANAT» партиясы Мойынқұм аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысында » Партияның өңірлік Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 2023 жылға белгіленген көрсеткіштердің орындалу барысы» қаралды. Отырысқа аудан әкімі Ә. Балқыбеков, аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудандық Полиция бөлімі бастығының орынбасары Ү.Айнақұлов, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Р.Тұрарқұл, аудандық газеттің бас редакторы Е.Ерғабылұлы, аудан әкімдігінің бөлім , мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібі бойынша аудан әкімі Ә. Балқыбеков баяндама жасап, орындалмау қаупі бар көрсеткіштер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сөз соңында депутаттар тарапынан көтерілген кез келген мәселе бойынша нақты шаралар қабылданып, бірлесе жұмыс жүргізу жалғаса беретіндігін жеткізді.

Манарбек Кошкимбаев 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.