БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫҢ АЯҚ АЛЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

107
Кейінгі жылдары елді мекендерде жүзеге асып жатқан “Ауыл аманаты” жобасы ауылдықтардың тұрмысын тіктеп, шаруасын шалқытуға септігін тигізіп келеді. Мемлекеттік қолдаудың тетіктерін мейлінше қолданып қалуға тырысқан ауыл тұрғындарының саны да жыл санап арта түсуде.
Бүгінгі аппараттық кеңесте де дәл осы жобаның аудандағы аяқ алысын талқылап, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды сараладық. Биылғы жылы “Ауыл аманаты” жобасына енген Жаңа жол, Көкқайнар және Қорағаты ауылдық округтеріндегі тұрғындарды қаржыландыру мәселесі де кеңінен қаралды.
Сонымен бірге, кеңес барысында Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімі атқарылған жұмыстарға тоқталса, аталған ауылдық округке зерделеу жұмыстарын жүргізген бас инспектор мұндағы түйткілді мәселелерді атап өтті. Соған сәйкес, ауыл әкіміне орын алған олқылықтарды уақыт оздырмай шешу тапсырылды.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.