ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

109
ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Шарипов келіп, жас мемлекеттік қызметшілермен семинар-кеңес өткізді.
Босқосуды аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев жүргізіп, жиынның мақсатына тоқталды.
Сонымен қатар, семинар-кеңеске аудан аумағындағы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және мекеме-ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Семинарда сөз алған Руслан Шамелұлы биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталғанын, жобаның негізгі мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту екендігін жеткізді.
Жиында мемлекеттік қызметшілер өңірлік кадр резрвіне сәйкес туындаған сауалдарын қойып, жауаптар алды.
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.