Бүгінде ел Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына тариф белгілеу саласындағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша түзетулер әзірлеуде. Оған Мемлекет басшысының өткен жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі тапсырмалар себепкер болды. «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу тақырыбы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитететінің облыс бойынша департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Бек Момбаев осылай деді.




