ӨҢІРДЕГІ 5 СЕРІКТЕСТІКТІҢ ӨНІМДЕРІ 6 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

110
Қазіргі таңда «Қазфосфат», «Әулие Ата Феникс», «Талас Investment Company» және «Тараз металлургиялық зауыты» мен «Бурненская сүт компаниясы» серіктестіктерінің өнімдері Иран, Литва, Тәжікстан мен Өзбекстан, Түркия және Франция елдеріне экспортталуда. Бұл ретте дәл осы мемлекеттердің кәсіпкерлік байланыс орнатылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз-брифингінде облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Абдыкадыров осылай деді.
❗️ Есепті кезеңде облыстық кәсіпкерлер палатасына 159 өтініш түсті. Оның ішінде, 56 өтініш қорғау желісі бойынша, 7 АӨК желісі және 13 мемлекеттік сатып алу желісі бойынша түссе, 83 экономикалық сипатта. Бүгінде өңірге инвестиция әрі тығыз өзара іс-қимылды жолға қою мақсатында өзге мемлекеттердің кәсіпкерлерімен іскерлік кездесулер жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Мәселен, Иран, Литва, Тәжікстан мен Өзбекстан, Түркия және Франция елдерінің кәсіпкерлерімен кездесулер өтті. Айта кетейік, қазіргі күні «Қазфосфат», «Әулие Ата Феникс», «Талас Investment Company» және «Тараз металлургиялық зауыты» мен «Бурненская сүт компаниясы» серіктестіктерінің өнімдері осы республикаларға экспортталуда, — деді Айдар Қайнарұлы.
©️©️©️
✅ Сондай-ақ спикер кәсіпкерлер палатасы жанынан әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» ашылғанын атап өтті. Оның сөзінше, 434 әйелге 1 469 қызмет көрсетіліп, ауылдық жерлерде кәсіпкер нәзік жандыларды қолдау үшін ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.