ӨҢІРДЕ 3 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ

166
Ағымдағы жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтіп, онда 14 мәселе қаралған. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 20 ұсыным жолданып, 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев айтты.
❗️ — Жыл басынан бері палатаға 206 өтініш келіп түсті. Оның ішінде, 54 өтініш қорғау желісі бойынша түссе, 21 өтініш оң шешімін тапты. Ал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтіп, онда 14 мәселе қаралды. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 20 ұсыным жолданып, 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, 14 мәселенің 6-ы бүгінде оң шешімін тапты. Бұдан бөлек, 3 мәселе мемлекеттік органдардың басшыларына хабарланды. Сондай-ақ биыл республикалық проблемалық мәселелер тізіліміне 3 мәселе тіркелді. Бүгінгі таңда бұл мәселелер мемлекеттік органдардың қарауында, — деді Нұралы Баянбайұлы.
©️©️©️
✅ Жиын соңында спикер жергілікті атқарушы органдардан сараптамалық қорытынды алу үшін палатаға нормативтік құқықтық актінің 138 жобасы келіп түскенін де жеткізді. Ол өз сөзінде 52 жобаға ескертусіз сараптамалық қорытынды беріліп, 48 ұсынымдар мен 20 жобаға кәсіпкерлердің мүдделерін қозғамайды деген жауап берілгенін атап өтті.
Жамбыл облысының Өңірлік
коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.