Өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 658,3 млн. теңге бөлінген

685

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтуде.

Жиын барысында баяндама жасаған Б. Уәли басқарманың негізгі жұмыстарының бірі – түсіндіру және ақпараттық саясатты жүргізу барысында атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті.

–Бүгінде облыста 59 бұқаралық ақпарат құралы қызмет етеді. Оның ішінде 14-де мемлекеттің қатысу үлесі бар. Өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 658,3 млн. теңге қаражат бөлінді. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес, барлық мемлекеттік мекемелерде баспасөзге жауапты мамандар бөлінді. Олардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары басқарма тарапынан жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Меркі ауданында «Ақпарат ағыны және біз» және «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өтті. Бұдан бөлек, облыста алғаш рет Жамбыл облысы әкімінің кубогына арналған журналистер арасында кіші футболдан республикалық турнир ұйымдастырылып, оған Алматы, Астана және Шымкент қалалары, Алматы, Қызылорда облыстарынан және өзіміздің облыстан барлығы 12 команда қатысып, жеңімпаздар марапатталды, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, баяндамашы өз сөзінде облыс әкімі Асқар Исабекұлының тапсырмасымен облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен Тараз қаласы және аудан әкімдері кестеге сәйкес «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері брифингке қатысып, брифингтен кейін «JAMBYL» телеарнасының «1 студия» бағдарламасына тікелей эфирге шығып келе жатқанын айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.