ӨҢІРДЕ 918 237 АЗАМАТ «МӘМС» ЖҮЙЕСІМЕН САҚТАНДЫРЫЛҒАН

203
Өңірде 918 237 азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен сақтандырылған. Ал 297 245 адам бұл жүйеден сырт қалып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингі барысында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова айтты. Жанар Мықтыбекқызының сөзінше, ағымдағы жылы халықты медициналық көмекпен қаржыландыруға 2, 049 трлн теңге қаражат бөлу жоспарланған.
Ағымдағы жылы халықты медициналық көмекпен қаржыландыруға 2, 049 трлн теңге қаражат бөлу жоспарланған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің есебінен халық денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлық өсуі медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен 918 237 азамат сақтандырылып, 75,5 пайызды құрап отыр. Ал 297 245 адам бұл жүйеден сырт қалып отыр. Алайда, олар әрқашан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы, — деді Ж.Оспанова.
✔️Атап өтерлігі, әр азамат сақтандыру мәртебесін тексеріп, төлемдердің болуын нақтылауы тиіс. Оның ең тиімді, әрі оңай жолы «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу немесе Telegram әлеуметтік желісіндегі «Saqtandyry-bot» платформасы арқылы тексеру. Сондай-ақ, төлемдердің сомалары мен кезеңдерін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы білуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.