Өнерге әркімнің-ақ бар таласы…

646

Жуырда «Әр жүректе туған жер» деген атаумен Тараз қаласында облыстық патриоттық ән арт-фестивалі өтіп, әні мен әуені, жыры мен термесі үйлескен полицейлер сахнаны өнермен көркемдеді.

Патриоттық ән арт-фестивалі жастар жылын өткізу іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәдени және патриоттық тәрбиесін жоғарылатуға, оларды ұлттық және әлем мәдениеті мен өнеріне баулу, ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайтуға бағытталған.

Бұл атаулы шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған еді.

Аталған ән байқауына қатысқан сақшылар өз өнерлерін ортаға салған еді. Полиция қызметкерлері ән айтып, терме орындап сахнаны көркемдеді.

Конкурс вокал номинациясы бойынша өткізілді. Сондықтан жеке орындауға, дуэт, трио, квартет ретінде өнерлерін ұсынған әр сайыскерлердің өнерін әділқазы алқасы вокалдық мәліметтер, репертуардың көркемдік құндылығы, күрделілігінің деңгейі, орындау шеберлігі, костюм кию үлгісі бойынша бағалап отырды. Сондай-ақ, конкурстық бағдарламалардың тақырыптық бағыты патриоттық сипаттамаға, қазақ және шетел композиторларының әндерін орындауға, Қазақстан халқының жалпыұлттық келісім басымдықтарына сәйкес болуы жіті бақыланды.

Әр саланың майталман мамандары бас қосып, сахнаны жырға бөлеп, әнмен тербеді. Солардың қатарында — Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердің қызметкерлері Мадияр Жорабек және Венера Каракозева «дуэт» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Байқау соңында ұйымдастырушылар
қатысқан барлық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Сондай-ақ, өнерімен ерекшеленіп, көзге түскен сақшылар алғыс хатпен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.