ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ

46
Қоғамда өнегелі жолды қалыптастырып, татулық пен бірлікті ту етіп жүрген отбасылар көп. Салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды жоғалтпай, шаңыраққа береке кіргізіп жүрген «шағын мемлекеттің» бірі — 4 қыз, 4 ұлды өсіріп, олардан немере сүйіп, қызығын көріп жатқан Кеңес ағамыздың әулеті.
Тоқпан Кеңесәлі Әкімбекұлы — 1958 жылы 12 шілдеде қазіргі Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты, Шу ауылында дүниеге келген. Жұбайы Әуілбекова Роза Қырғызәліқызы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қолқайнар совхозында 1961 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. Екеуі 1980 жылдың 20 қарашада шаңырақ көтеріп, үйленеді. 1990 жылы кеншілер қаласы Жаңатас шаһарына көшіп келіп, тұрмысын моноқалада жалғастырады. Кеңес ағамыз «Казфосфат» ЖШС-інде касемсоть жүргізушісі болып қызмет атқарса, Роза апамыз түрлі кәсіпкерлік нысандарда аспаз болып қызмет атқарды. Бүгінде 8 ұл-қыздан 22 немере көріп отырған үлгілі отбасының шаңырағы әрқашан шаттыққа толы. Үйінде қонағы үзілмейтін отбасында күнде мереке, күнде думан. Кез-келген қонақты жылы шыраймен қарсы алып, бар тәттілерін алдына тосатын Кеңес ағаның ұл-қыздары үмітін ақтаған салиқалы ұрпақ болып қалыптасып келеді.
Үлкен қызы Алмагүл Кеңесқызы 4 ұлды жеткізіп отырған аяулы ана. Үлкен ұлы Тоқпан Мұрат Астана қаласында мемлекеттік органда қызмет атқарады. Ортаншы ұлы Қасым-Жомарт Кеңесұлы Қарағанды қаласындағы оқу орнына өз күшімен грантқа қол жеткізіп, үздік білім алып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.