Оңалту жұмыстары жүйелі жалғасуда

221

Имандылық жолындағы сотталғандарға діннің негіздерін үйрету мақсатында Қылмыстық атқару жүйесі комитеті дәстүрлі діни бірлестіктермен өзара байланыс жасап, темір тордағы жазасын өтеушілерге діни дәрістер беру, уағыз айту секілді игі жұмыстарды ұйымдастырып келеді.

Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар «Ақниет» Оңалту орталығының Жамбыл облысы бойынша өкілі, теолог маманы Зүнінқожа Зұлқарнайнмен кездесті. Сұхбат барысында дін өкілі сотталған азаматтармен жеке теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.