ӨМІРЛІК ҚАҒИДА

110
Өмірде сізді ешкім өз ата-анаңыздай жақсы көрмейді.Сондықтан біреудің «өмірімнен артық сені жақсы көремін»- деген сөзіне сенудің қажеті жоқ…
Жоқ кездегі адамның шыдамдылығы мен сабырлылық, бар кездегі адамның мінез-құлқы адамның кім екенің анықтайды.
Бар болса тасымаған, жоқ болса жасымаған қазақтың қасиеттерін үлгі тұту қажет.
Бүгінде көп Адам сіздің адамдық қасиетіңізге емес, қалтаңыздағы ақша мен қызметіңізге көп көңіл бөледі…
«Берген қамал бұзады»- деген, елге берсеңіз жағасыз. Сіздің пейліңізге емес, әкелген сыйлықтың құнымен сізге құрмет көрсетіледі.
Қазір туыстан алыстап, өз туысың шақырмаса да, қызметіңіз болса, «үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын» Сізге төрден орын береді…
Қолыңыздан билік кетіп, ақшаңыз болмаса досыңыз азаяды… Қолыңызға қарға тышып, бақ-дәулет қайтып келсе, жем іздеген тауықтай босағаңыздан кетпейді…
Жағдайым жақсы деп көпшілік отырған жерде айтсаңыз, дұшпаңыздың саны артады.Нашар деп те айтпаңыз, себебі сізді ұнатпайды адамдардың қуануына себеп боласыз…
Ең жақсысы өзіңіз жайлы айтудың қажеті шамалы, керек адам өзі де сіз туралы ақпаратты тауып алады…
Адам жасы келгенде кәрілікті қабылдағысы келмейді. Одан қорықпаңыз, осы күнге жетпегендер қаншама, шүкіршілік етіңіз!
Біреуге ұнауға тырыспаңыз, кей адамға ұнамасаңыз ол үшін ойлаңбаңыз, құда болып, қызың алайын деп отырған жоқсыз. Ондай жерде қайта көңілді болып, қуанышты болуға тырысыңыз…
Кейде пенде басқалардың көңілінен шығамын деп, өзін танымай қалатын кездері де болады…
Жас келгенде әр нәрсенің өлшемі бар.
Теріге әжім түседі.
Бірақ көңіл жас…
Өмір туралы ойыңыз өзгереді. Тәңірге жақындайсыз, торқалы той мен топырақты өлімге жиі барасыз.
Көргеніңіз бен көп сөзге сенбейсіз, тек адамның іс-әркетіне қарап баға бересіз!
Ең бастысы бұрын жіберген кемшілікті жас келгенде өзіңізбен сүйретіп алып жүрмесеңіз болды…
Біреу сізге сырын айтса, өмірге өкпесі емес, сізге сырын айтқаны. Ақыл беру қолыңыздан келмесе,
«Бәрі ұмытылады, жақсы болады»- деп сенім білдіріңіз.
Қазір көпшілікке сіздің ойыңыз маңызды емес, сырт келбетіңізге қарайды, сол себепті үстіңіздегі киімнің қонымды, таза болғаның қадағалыңыз.
Тоты құс ұша алмайды, көп сайрайды, ал қыран құс үнсіз әлемді шарлайды, қартайғанда сол секілді көп сөйлемей, жігерсіздерге қуат беретін сөз айтып, төрде орныңыз болсын.
ҚАРТАЙҒАН АДАМНЫҢ ӨКІНІШІ
Бұрын неге ақша жинамадым?
Денсаулығыма неге күтім жасамадым?
Туыстарыма бар кезімде неге қол ұшымды беріп, көмектеспедім?
Әке-шешемнің көңілінен неге шықпадым?
Неге өзім үшін өмір сүрмедім?
Өткен күн оралмайды, одан енді не пайда?
Барына қанағат деп, елінің ұрпағынның амандығын тілеу қажет.
Жылан айтыпты:
» Мен жер бауырлап, жорғалап өмір сүрем, ол мен үшін қасірет емес, жатып-ақ жаныма келгенді шағамын, уымды шашамын, бірақ қанша жамандық жасасам да, ешкімнің алдыңда тізімді бүккен жоқпын»- дегендей, қартайғанда жаманшылық жасап, ешкімнің алдыңда кешірім сұрап тізе бүкпей өтуді қарттарымызға
Тәңір нәсіп етсін!
Қарттарым аман-сау болсын!
РАЙХАН МАТАЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.