Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алматылықтарға бауырсақ таратты

70

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялады. Көптеген тұрғындар қуаныштарын жасырмай, чемпионмен еркін сөйлесіп, бірге суретке түсті.

«Наурыз мейрамы құтты болсын. Осы тамаша мерекеде адамдарға эмоция сыйлай алдым», – деп жазды спортшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.