«Ол массажист емес, ол – менің үшінші әйелім»: Омар Жәлел бұрынғы әйеліне жауап қайтарды

63

Жуырда Ләззат Мырзаш есімді Tiktok қолданушысы өзін Омар Жәлелдің әйелі екенін айтып, танымал күйеуі жүкті кезінде тастап кеткенін және массажист келіншекпен көңіл қосқанын ашық жазған еді. Ал көптің талқысына түскен абайтанушы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында ел арасында тараған әңгімелерге жауап берді

Омар Жәлел өзі жайлы екінші әйелінің әлеуметтік желіге жариялаған жазбасының басым бөлігін растағанымен, бірақ жүкті келіншегін массажист әйелге алмастырды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Жоқ, ол өзінің субъективті пікірлері ғой. Бірақ мен ешқандай да әйел алмастырған жоқпын. Ол Тұрсынгүл Әсемхан деген менің үшінші әйелім. Ол массажист емес, халыққа қызмет етіп жатқан үлкен емші. Өзінің ойлары ғой. Әркімнің өз ойы бар ғой. Негізі ол кісінің жазып отырғанының бәрі шын нәрсе. Бірақ мен жақында ғана Ақтауға барып қайттым. Бала-шағамды көріп, жағдайын біліп, мен жауапкершілігімді ешқашан ұмытқан жоқпын. Әйел эмоцияның адамы ғой. Олар әртүрлі пікір білдіреді, бірақ сен ер азамат ретінде ешқашан ренжімеуің керек. Өйткені ер адам әйелге үнемі кешіріммен қарау керек. Сондықтан мен ол сөзді дұрыс деп қабылдаймын», – деді Омар Жәлел.

 

https://turkystan.kz/article/233702-ol-massazhist-emes-ol-meni-shinshi-yelim-omar-zh-lel-b-ryn-y-yeline-zhauap-aytardy

Leave A Reply

Your email address will not be published.