Оқушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

28

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері жалпы орта білім беретін мектептердің оқушыларына кәсіптік бағдар беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Шараға Жамбыл ауданы білім бөліміне қарасты №1 орта мектебі, Юрий Гагарин атындағы мектеп лицейі, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп гимназиясы және Байзақ ауданы білім бөліміне қарасты Буырыл орта мектебі, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі, Көктал орта мектебінің оқушылары қамтылды.

Насихат жұмыстары барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Карл Ардақ Маратұлы, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2-курс магистранты Алдыяров Алибек Шамильұлы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің қызметкерлерімен бірге жоғары сынып оқушыларына Шырақбек Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясында жоғары білім алудың талаптары мен артықшылықтары жөнінде айтты.

Мәселен, академияда оқу кезінде әскери саптық оқу-жаттығудың дағдылары қатар жүретіндіктен, оқу орнын аяқтаған түлек әскерге шақыртылмайды. Сонымен қатар, академияда білім алған жылдар кейін еңбек өтілі болып есептелінеді, ал қызметке тұрғаннан кейін қызметкердің пәтері болмаса ай сайын пәтарақы төленіп, ерте зейнеткерлікке шығу мүмкіндіктері қарастырылады.

Үгіт-насихат жұмыстарынан кейін оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берген ҚАЖ қызметкерлеріҚР ІІМ Қостанай академиясында жоғары білім алудың талаптары мен артықшылықтары туралы оқуға түсуге арналған толық ақпараты бар бүктемелерді таратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.