Облыстың аумақтық қорғанысын дайындау мақсатында үстіміздегі жылдың 26 шілдесі мен 4 тамызы аралығында тексеру жиыны өтті.

76
Оған Қордай ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген 100 әскери міндетті қатысты.
«Қордай-2023» тактикалық оқу – жаттығуының жабылу шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.
▪️Облыс әкіміне 99205 әскери бөлімінің командирі Әлжан Хамзин әскери жиынның қорытындылары туралы баяндады.
▫️Айта кетейік, тексеру жиыны барысында, әскери міндеттілер бір апта көлемінде, әскери дайындық сабақтарынан өтіп, арнайы тактикалық оқу жаттығуда аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибе алмасты.
❗️Аймақ басшысы Гвардейск гарнизонына қарасты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында әскери қару-жарақтардың және жас сарбаздар мен әскери міндеттілердің дайындық нәтижелерімен танысты.
Сондай-ақ, «Қордай-2023» тексеру жиынының әскери міндеттілермен өткізілген арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын көрді.
✅«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы Мереке Көшекбаев та оқу-жаттығудың маңыздылығын атап өтіп, одан сәтті өткен әскери жиынға қатысушыларды құттықтады.
▫️Бұдан соң, тексеру жиынына атсалысқан бірқатар азаматар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
❕Аймақ басшысы аумақтық қорғаныс бөлімшерінің жағдайын жақсарта түсу бойынша жауаптыларға ұсыныстар беруді тапсырды.
◾️Айта кету керек, дәл осындай жиын үстіміздегі жылдың сәуір айында Жуалы ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен жоғарғы деңгейде өткізілген болатын.Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасады.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.