ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

25
2026 жылдың 01 сәуір күні Білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Төңкерілген сабақ технологиясын қолданудың педагогикалық негіздері» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану және озық тәжірибелермен бөлісу болды.
Іс-шара барысында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің педагогтері түрлі форматтағы шеберлік сыныптар, панорамалық және ашық сабақтар ұйымдастырып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Атап айтқанда, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу, теория мен практиканы ықпалдастыру, халықаралық тәжірибені қолдану, сондай-ақ авторлық бағдарламалар негізінде оқыту әдістері кеңінен таныстырылды.
Іс-шараға 60 педагог қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.