ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

85

 

 

«Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық, қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге  лайықты парасатты тұлғаны, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында “Парасатты отбасы” байқауы өтті.
Облыс әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімінің әдіскері Зәуреш Сатылғанованың ұйытқы болуымен өткен сайыс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар отбасыларын таныстырса, екінші кезеңде отбасы мүшелері өнерлерін  жан-жақты көрсету үшін барын салды.
Отбасылық құндылықтар мен  жанұя жарасымдылығы, отбасы мүшелерінің  бойларындағы адамгершілік қасиеттер әспеттелген байқауда жеңімпаздарды анықтау оңай болмады. “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” демекші,  нағыз жеңімпаздар анықталып, Көбеевтер — “Ең салауатты отбасы”, Айназаровтар — “Өнерлі отбасы”, Өмірхановтар — “Интеллектуалды отбасы”, Ақыновтар — “Өндірістегі үздік отбасы”, Төрегелдиевтер -“Үздік оқырман отбасы”, Айтимбетовтер — “Жомарт отбасы”, Мейірхановтар — “Шебер отбасы”, Шарападілдә отбасы — “Өнерлі отбасы” номинацияларымен марапатталды.
Сонымен қатар, Амангелдиевтер отбасы (Үлгілі о.м.) ІІІ орын, Юсуповтар отбасы (№1 мектеп-гимназиясы)   ІІ орын,   Есенбаевтар отбасы (Сарыкемер мектеп гимназиясы)   І орынды иеленді. Ал, “Үздік отбасы” атанған Жаңабаевтар жанұясы (Төребай Ақбозов атындағы орта мектебі) Бас жүлдені қанжығасына байлап, облыстық кезеңге жолдаманы жеңіп алды.
Сондай-ақ, байқауға қатысқан отбасыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.

 

«Ауыл жаңалығы» — ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.