Облыстық ақындар айтысының ақтық кезеңі өтіп жатыр

1 111

Астана қаласының 20 жылдығына орай Шу ауданында өтіп жатқан облыстық ақындар айтысының ақтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Айтыс барысында 12 жұп кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Әділ қазылар алқасының шешімімен келесі кезеңге өткізілген Айтмұханбет Исақов Нұрлан Жұмабековпен, Қанат Мырзахан Айым Көшербаймен, Асхат Қылышбек Алтынкүл Қасымбековамен, Рай Дөңбай мен Нұрлыбек Құрмановпен кездесті.

Бар өнерлерін ортаға салған айтыскерлер нағыз суырып-салма өнердің керемет үлгісін көрсетті. Десе де, оқзық оймен және өткір өлең жолдарымен бір бас жоғары болған Айтмұханбет Исақов пен Асхат Қылышбек ақтық мәреге жолдама алды.

Қазіргі уақытта қос ақынның айтысы өтіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.