Облыстық ақпараттық үгіт-насихат штабы жұмысын бастады

342

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанынан облыстық ақпараттық үгіт-насихат штабы құрылды.
Ақпараттық үгіт-насихат штабының негізгі мақсаты облыс тұрғындары арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Аталған штабтың бірінші кездесуі«Тараз металлургиялық зауыты» кәсіпорынының қызметкерлері арасында өтті. Кездесу барысында штаб жетекшісі Қ.Төлендиев өз сөзінде: «Қазақстанда ең ашық, қолжетімді мемлекеттік органдардың бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері десем қателеспеймін. Бұл Тұңғыш Президентіміздің, Мемлекет басшысының және агенттік төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатының нәтижесі. Бүгінгі таңда облыс көлемінде агенттік бастамасымен мемлекеттік орган басшылары кабинеттерін 1-ші қабатқа ауыстырып, «Open space» форматында жұмыс істеу тәжірибесін енгізуде. Сонымен қатар, Тараз қаласы мен облыс аудандарында ашылып жатқан сервистік әкімдіктер тұрғындар үшін қызмет көрсетудің жаңа моделіне көшіп жатыр» — деп айтып өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев кездесу барысында адалдық, парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталып өтті.
Келесі кездесу «Имсталькон» кәсіпорнында өтті. Кездесу барысында штаб мүшесі Ғ.Исатай іс-шараға қатысушылар арасында мемлекеттік мекемелерде қызмет алу барысында тиісті деңгейде қызмет алмаған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі, жемқорлық фактілері орын алған жағдайда қайда және қалай хабарлау керектігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, еліміздің дамуына әділдік, адалдық қағидаттарды басшылыққа ала отырып, біріге үлес қосуға шақырды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаевтың айтуынша қазіргі уақытта ақпараттық-насихаттау штабтары еліміздің барлық облыстарында құрылып, жұмыс істей бастады. Аталған бағыттағы жұмыс облыстың әр аудан, қалаларында өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.